$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ер адам інісінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтты

Алматыда ер адам інісінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтып, Nur.kz порталына хабарлады.

Қуат Нұрмахановтың айтуынша, інісі Қуандық 13 қарашада түс уақытында «Сайран» автовокзалынан Балқашқа қарай жолға шықпақшы болған. Оны соңғы рет адамдар «Саяхат» автовокзалынан көріпті.

Жоғалып кеткен ер адамның үлкен ағасы Рашид полицияға арыз жазған.

Жоғалған ер адам 1982 жылғы, сол күні үстіне қызыл қоңыр жемпір, күздік куртка, қара шалбар мен аяғына ботинка киген. Бойы – 178 - 180 см, шашы түсіп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары