Жаңалықтар 20.11.2018 сағат 06:35  284

БҚО-да автокөлік жылқылармен соқтығысып, үш адам зардап шекті

Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқылармен соқтығысты деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО-да автокөлік жылқылармен соқтығысып, үш адам зардап шекті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға кеше кешкісін Теректі ауданы Долинный ауылы маңында, аудан орталығы Федоровтан 24 шақырым жерде орын алды.

Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Бауыржан Сұпығалиевтің айтуынша, Орал мен Ақсайдың арасында такси есебінде жүретін автокөлік жол бойына шығып кеткен бес жылқымен түйісіп, соның үшеуі мерт болды. Қалған екеуі де мертіккен. Адамдар аман. Жеңіл-желпі жарақат алған. 

Қазіргі кезде малдың кімге тиесілі екені анықталуда. Алдын ала мәліметке қарағанда, автокөлік қалпына келтіруге келмейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, санавиацияға шақырту сағат 20.05-те түскен. Федоровтан құрамында хирург, анестезиолог-реаниматолог, фельдшер бар бригада оқиға орнына жетті.

Автокөлікте болған үш адам зардап шеккен. Олардың екеуі жедел жәрдем келгенге дейін басқа көлікке отырып, кетіп қалған. Ал 1975 жылғы ер адам кеудесінен жеңіл жарақат алған, мойны көгерген. Ауруханаға жатудан бас тартқан оған сол жерде көмек көрсетілді. Айта кетейік, жол бойында малдың жиі жүретіні белгілі. Әсіресе, жылқы қараңғы мезгілде түскен жарыққа қарсы шабады.   

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар