$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында 26 жастағы жігіт оқушыны зорлады деп айыпталуда

Алматы облысының Қарасай ауданында мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 26 жастағы азамат қамауға алынды. Ал бұл жағдайдан соң тұрғындар ұсталған жігіттің отбасымен бірге ауылдан көшіп кетуін талап етуде деп хабарлайды 31 арна.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқиға бірнеше күн бұрын болған. Мектеп оқушысын алдап шақырған күдікті арам ойын іске асырған.

Енді полициямен қоршалған ауыл жұрты өз балалары үшін уайымдап, ұсталған азаматтың отбасымен бірге басқа жаққа көшіп кетуін талап етуде. Наразы халық балаға озбырлық көрсеткен жігітке қатаң жаза қолдануды да сұрап отыр.

Ал күдіктінің туыстары оның психикалық ауытқуы бар екенін айтып, халықты жұбатпақ болыпты. Алайда ашынған жұрт күдіктіні сол сылтаумен жазадан сытылып кетпесе екен дейді. Олардың айтуынша, бұл 26 жастағы жігіттің балаларға алғаш рет зорлық көрсетуі емес екен.

«Оны адам демейді, хайуан дейді. Соны біліп отырып, ауру еді, жынды еді дейді. Жынды болса, байлап бақсын, оқшауласын. Үкіметтің ауруханасы бар ғой, жатқызсын», – дейді ауыл тұрғыны.

Қазір балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Ал тұрғындар ауылда болған сұмдық жайттың жабылып қалмауын қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары