$ 449.88  486.64  4.83

Ақтөбеде 6-сынып оқушысы қарсыласына пышақ сұғып алды

Ақтөбеде №14 мектептің 5 және 6 сыныпта оқитын оқушылары бір-бірімен сөзге келіп қалған. Сабақтан кейін екеуі арадағы кикілжіңді шешпекші болыпты. Алайда, 6-сынып оқушысы қарсыласының арқасына пышақ ұрған деп жазады diapazon.kz.

Жәбірленуші жеңіл жарақат алған.

«Оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Жәбірленуші жеңіл жарақат алғандықтан, оны ауруханаға жатқызу қажет болмады. Жарасын таңып, қазір сабаққа келіп жүр. Мұндай оқиға біздің мектепте бірінші рет болып отыр. Ешқандай оқушы полицияда тіркеуде жоқ. Біз оқушылардың ата-аналарымен жеке жиналыс өткіземіз. Екі оқушының арасындағы кикілжің, бірі екіншісін мазақтауынан туып отыр. Қазір бұл мәселемен құқық қорғаушылар айналысып жатыр», – дейді мектеп директоры Баян Алиева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары