$ 447.4  477.55  4.76

Семейде 60 жастағы мүгедек әйел түтіннен уланып көз жұмды

Семейде жекеменшік үйден шыққан өрт салдарынан 60 жастағы екінші топтағы мүгедек әйел көз жұмды. Тағы екі адам көк түтінге уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.

Оқиға қарашаның 28-і күні «Холодный Ключ» кентіндегі жеке сектордағы үйлердің бірінде тіркелді. Құтқарушылар тілсіз жауды сөндіру кезінде үй ішінен 60 жастағы екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі әйелді алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Алайда, дәрігерлер әйел адамды аман алып қала алмады. Құтқарушыларға келгенге дейін көк түтінге уланып, көз жұмғанын анықтады.

Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайдың орын алуына  өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған. Қазір мамандар өрттің нақты шығу себептері мен шығын көлемін анықтап жатыр. Жалпы тілсіз жауды ауыздықтауға 3 арнайы техника мен 10 құтқарушы жұмылдырылды.  Сонымен қатар, көк түтіннен тағы 34 және 40 жастағы қала тұрғындары зардап шекті. Дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, сонда да уланып жатыр. Жалпы  жыл басынан бері Семейде 409 өрт тіркелді. Салдарынан 10 адам көз жұмған. 263 адам құтқарылды. Оның 56-сы - бала. Ал 30-ға жуық адам көк түтінге уланды», – деді баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары