28 қараша күні 27 мен 28-шағынаудан ортасында орналасқан «Abdi» дүкенінің маңында ер адамды көлік қағып кетті деп жазады Inaktau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Honda маркалы автокөлік жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан 1986 жылғы ер адамды қағып кеткен. Алған соққысынан ол есінен танып қалған.
«Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсетіп, Маңғыстау облыстық ауруханасына алып кетті», − дейді куәгер.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам қазір аурухананың операция блогында. Жағдайы ауыр. Комада жатыр.