Жаңалықтар 06.12.2018 сағат 04:40  502

«Проректормен...»: Ерке Есмахан Майғазиевпен дуэт орындағанын айтып мақтанды

Кешелі бері өнер жұлдыздары желіге эстрада әншісі Сәкен Майғазиевпен түскен суренттерін жарыса жүктеп, орайлы сәтті пайдаланып, мақтанып жатыр. Ерке Есмахан да әншімен байланысы жақсы екенін көрсетіп, су жаңа проректормен түскен суретін бөлісті.

«Проректормен...»: Ерке Есмахан Майғазиевпен дуэт орындағанын айтып мақтанды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ерке Есмахан жаңа жылдық бағдарлама түсірілімінде Майғазиевпен дуэт орындапты. 

«Дуэттің талайын көріп жүрмін ғой. Бірақ проректормен дуэт айтуды бүгін бірінші рет көрдім. Сөздерімді ұмыта жаздап, әбден қобалжыдым. Оңай емес екен. Сәкен аға, қызметіңізге сәттілік. Сіз сияқты өнерге, ұлтқа жанашыр жандар өнер ордасын басқаруы қажет. Ал мен тарихта проректормен алғаш  дуэт құрған әнші қыз боп қалар ма екем?», − деп жазды ол желідегі парақшасына. 

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының проректоры боп тағайындалды.  

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар