$ 443.35  475.54  4.82

Димаш Құдайберген халықаралық фестивальде «Жыл әншісі» атанды

Димаш Құдайберген Шаңхайда өткен «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық фестивальде «Жыл әншісі» деген марапатқа ие болды. Қуанышты хабарын ол Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті. 

Димаш бір емес, екі бірдей атаққа ие болғанын айтып, өзін құттықтаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Жыл әншісі» және «Жібек жолының мәдени елшісі» деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім Отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін», - деп ол жерлестерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары