$ 494.87  520.65  4.91

Тәуелсіздік күнін Астана жұрты дүркіретіп атап өтті (ФОТО)

Ел егемендігінің 27 жылдығына қазақстандықтар ерекше ден қоюда. Айтулы күнді бас қала тұрғындары - астаналықтар да айрықша атап өтті. Кеше Астананың оң жағалауында, ерке Есілдің жағасында естен кетпес отшашу болып, қала тұрғындарын таң қалдырды деп жазады NUR.KZ.

Отшашуға келген астаналықтардың санында шек болған жоқ.

Олар отшашудан бөлек, Есіл үстінде жасалған мұз айдыны мен сырғанақта шана тебумен болды.

Ғаламат отшашу түнгі саған 22:00-де басталды.

Айта кетерлігі, биылғы жылы отшашу тек қаланың бір орнында – Есіл жағасында болған еді.

«Өте әсерлі отшашу болды. Тәуелсіздік күніне осындай отшашу дайындағандарға мың да бір рахмет. Егемендігіміз мәңгілік болсын», - деді қала тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары