$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте Тәуелсіздік мерекесінде кәсіпкерлер мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Шымкентте Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір отбасы баспаналы болды. Жалғыз басты көп балалы анаға үйдің кілті тапсырылды. Ел тарихындағы елеулі мереке қарсаңындағы қайырымды іс «Ізгілік» қайырымдылық қоры мен Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бірлесуімен қолға алынды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметіне хабарлады.

Жалғызбасты ана Роза Базарбайқызы алты баласымен пәтерден пәтерге көшіп, баспана тауқыметін әбден тартқан. Бір баспана арман болған мұқтаж жандар қазір пәтер кезегінде тұр. Алайда, қамқор азаматтар отбасының бүгінгі жай-күйін көріп, бейжай қарамады. Басқарма тарапынан баспанаға мұқтаж ретінде ұсынылған отбасына қор есебінен су жаңа үй берілді.

«Қайыр қылсаң, бүтін қыл» дегенді ескерген қайырымды жандар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын жуырда қор жанына ашылған «Ізгілік» әлеуметтік дүкеніне апарып, жазғы, қысқы киімдері мен аяқ киімдерін алып берді. Киім-кешекке қарқ болған отбасыға баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Көптен арман еткен баспаналарына қол жеткізген қуаныш иелеріне басқарма мен жергілікті әкімдік өкілдері құтты болсын айта барды.

Дереккөз. BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары