Жаңалықтар 17.12.2018 сағат 10:41  169

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында ер адам қайтыс болды

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында ер адам көз жұмды деп жазады Колеса. 

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында ер адам қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Трагедия Сайран көлінде өтіп жатқан дәстүрлі джип-фестивальде болды. Талдықорғандық Азамат Әбдуғали «Спорт»  категориясында жарыс жолына шығып, мәреге жете алмаған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. Басылым жарыста кезекшілік еткен дәрігерлер бригадасы спортшының өлімін тіркегенін нақтылады. 

Марқұм республикалық джип-спринттерге қатысып, жүлдегер атанған. 

Осы жылдың қазан айында Алматыдағы марафон кезінде 18 жастағы астаналық студент Максим Королев қаза болған еді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар