Жаңалықтар 17.12.2018 сағат 11:22  228

Астанада жаңажылдық шыршаның қашан жағылатыны белгілі болды

Астананың бас жаңажылдық шыршасының шамы қашан жағылатыны белгілі болды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Астанада жаңажылдық шыршаның қашан жағылатыны белгілі болды

18 желтоқсан күні сағат 18:30-да ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында Астананың бас жаңажылдық шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, шарада өнерпаздар концерт қояды. Кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтереді. 

Ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:30 басталса, ал шырша шамдары сағат 19:00-де жағылады. Сонымен қатар, рәсімге келушілер мерекелік отшашуды тамашалай алады. 

Басты шырша маңында қысқы және отбасылық демалыс үшін қызметтердің кең ауқымды қызмет көрсететін интерактивті ойын-сауық алаңы іске қосылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Соңғы жаңалықтар