Түркістанда кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте жеке кәсіпкер Анатолий Рунковтың шағымы қаралды. Кәсіпкер полицияның шамадан тыс ақша талап еткендігіне наразылық білдірді деп жазады Аtameken.kz.
Бизнесменнің Арыста бірнеше кәсібі бар, машина жуу, дүкен, шаштараз, монша, кафе, дәнекерлеу цехы жұмыс жасайды. Бизнесі алға басты, бірақ 2015 жылдың көктемінде оған полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар өздерінің «қамқорлығын» ұсынды. Әрине, тегін емес. Бас тартқан жағдайда полиция кәсіпкерді «орнына» қоюға бопсалаған.
Отбасының қауіпсіздігіне алаңдаған Анатолий Рунков 10 000 АҚШ долларын беруге мәжбүр болды. Бопсалау екі жылға созылды: 2015 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің сұраныстарының толастамайтынын түсінген кәсіпкер, жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне шағымданды. Осыдан кейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне арыз жазды.
Анатолий Рунковтың айтуынша, тергеу зерттеу шаралары сапасыз өткен. Шағымданушы мен айыпталушыны арасында кездестірулер болмаған. Дегенмен, кәсіпкерге қорқытып алу кезінде алған барлық ақшалар қайтарылды, тіпті болашақта мазаламайтындары туралы уәде берді. Бірақ, бопсалаушылардың бостандықта қалғандықтан, қауіпсіздігіне ешқандай кепіл болмаған соң, кәсіпкер облыстық Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.
Кеңес мүшелері бұл жағдайды нақты шенеуніктік заңсыздық деп санап, бұл шағымды Түркістан облысының прокуратурасына және жер инспекциясына жіберуге шешім қабылдады.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, шенеуніктердің кедергілеріне тап болған кәсіпкерлерге толық консультациялық және заңгерлік көмек көрсететіндігін еске салады.