Жаңалықтар 19.12.2018 сағат 14:25

Денис Тенді өлтірген күдіктілердің алдын ала сот тыңдалымы өтетін күні белгілі болды

Алматы қаласында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істің алдын ала сот тыңдалымы қашан өтетіні белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

Денис Тенді өлтірген күдіктілердің алдын ала сот тыңдалымы өтетін күні белгілі болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сот өкілдері алдын ала тыңдалым 25-ші желтоқсан күні таңғы 10-де өтетінін хабарлады. 

Сот отырысы Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық сот ғимаратында өтеді.

Істі судья Кеншілік Әбделдінов қарайды.

Қылмыстық іс бойынша үш адам күдікке ілініп отыр: Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Осы адамдарға танымал мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, шілде айында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар