$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеуде жеткіншек тікелей эфирде өзіне қол салды

Тинейджер есімді жеткіншек соңғы таспасында достарына бәрінен жалыққанын айтқан. Таспа желіде сақталып қалды деп жазады Stan.kz.

14 жастағы баланың денесі Мәскеу қаласынан шығысынан табылды. Оның жанында телефоны болды. Телефонда соңғы рет тікелей эфирге шыққаны көрсетіледі.

Бала толыққанды отбасынан шыққан. Әкесі Өзбекстан азаматы. Анасы Ресей азаматшасы. Өзбекстанда туған. Әлеуметтік қызметкерлердің айтуынша, отбасы үнемі Өзбекстан мен Ресей арасында көшіп-қорнып жүрген.

Анасы кассир болып жұмыс істейді. Әкесі Өзбекстанда. Отбасы қарапайым тұрады.

Оқушы көп уақытын компьютерлік ойын ойнап өткізген. 16 желтоқсан күні көшеде қыдырып, алкоголь ішеді. Кейін 16-қабатқа көтеріліп, желіде тікелей эфирге шығады.

Оның тікелей эфирін екі адам қараған. Оның бірі райынан қайтаруға тырысқан. Екіншісі үгіттегендей пікір жазған. Сонысы үшін туыстары мен пікір жазушының арасында дау туды. Эфир үш минутқа ғана созылды. Бірнеше секундтан соң бала мерт болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары