$ 444.22  476.38  4.82

Әлия Молдағұлова жайлы кино түсірілмек

Елімізде Совет одағының батыры, қазақтың әйгілі снайпер қызы Әлия Молдағұлова туралы фильм түсірілгелі жатыр. Мамандар кинодраманың сценариіне кірісіп те кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде Әлияның өміріне байланысты мұрағаттық мәліметтер мен батыр қыз жайлы естеліктерді жинау жүріп жатыр. Ауқымды тарихи киножобаның түсірілімі Қазақстан, Ресей және Беларусь жерлерінде болады деп жоспарлануда.

«Оқиға Әлияның майдан шебіне келген сәтінен басталады. Жалпы, фильм қалай шайқасқаны және оның ерлікпен қаза тапқан кезін қамтиды», - дейді фильмнің режиссері әрі сценаристі Рашид СҮЛЕЙМЕНОВ.

Ауқымды жобаның бір бөлігін қытайлық кинематографтар қаржыландырмақ. Ал қалған бөлігін картина авторлары халықтың және инвесторлардың көмегімен жинаймыз деген үмітте. Мамандар кеткен шығынды фильм прокатынан толықтай қайтарып аламыз, екіншіден, демеушілердің есімдері титрға беріледі дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кино