$ 443.35  475.54  4.82

Сайрагүлдің өзі Қазақстанда қалғысы келмеген сияқты – Сәуле Әбілдаханқызы

Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды алты айға бас бостандығынан айыруға үкім етіп, бірақ жазасын «жеңілдететін ерекше жағдайына» байланысты шартты жазаға алмастырған.
Фото:
Фото:

Күні кеше ғана адвокат Айман Омарова этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың Швецияға қоныс аударғанын хабарлаған болатын. Кезінде Сайрагүлдің сотынан қалмай, жанашыры болған тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Меніңше, оның өзі Қазақстанда қалғысы келмеген сияқты. Дүниені дүр сілкіндіретін саяси мәлімдеме жасау үшін шетелге кеткен тиімді шығар. Саяси мәлімдеме күтеміз енді. 

Ал Абзалдың да, менің де ақ адал жүрегімізбен жүгіргенімізді өзіміз білеміз және бір Алла біледі. Біздің жұмысымыз түгел таспаға жазылған күйі менің парақшамда тұр»,  –  деп жазды ол желідегі парақшасына. 

2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында «Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды алты айға бас бостандығынан айыруға үкім етіп, бірақ жазасын «жеңілдететін ерекше жағдайына» байланысты шартты жазаға алмастырған. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.

Сайрагүл Сауытбайдың босқын мәртебесін беруді сұраған арызын қараған Алматы облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беру» жөніндегі комиссия оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан еді. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Талап арыз бойынша сот әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары