$ 449.58  486.94  4.86

Павлодар әкімдігіне 17 мың долларға сатып алынған жиһазға қатысты қаржы министрі пікір білдірді

БАҚ өкілдері Назарбаевтың шығын азайту керек деген тапсырасын алға тартты.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Бұған дейін Павлодар әкімдігінің элиталы қымбат жиһаз сатып алатыны желіде жария болды. Таза былғарыдан немесе оның орнын алмастырғаш материалдан жасалған екі тумбалы жұмыс үстеліне тапсырыс берілген, деп жазады Stan.kz.

«Барлығы заңмен белгіленген тәртіпте, яғни бәсекелестіктің дұрыс жүргізілуіне байланысты жүзеге асырылды. Мүмкін біз талдау жасауымыз керек. Содан соң оның дұрыс немесе дұрыс емес екенін бағалау керек», - деді Смаилов үкімет отырысынан соң өткен кулуарлы жиында. 

БАҚ өкілдері Назарбаевтың шығын азайту керек деген тапсырасын алға тартты. 

«Жергілікті бюджетті жоспарлау жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі. Тиісті мәслихаттар аудиторлық комиссиялар тарапынан тиісті аудиттің жүргізілуіне қарай жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жоспары шеңберінде сатып алынатын белгілі бір заттарды жоспарлаудың орындылығын анықтайды. Бірақ тұтастай алғанда, мен бюджетті жоспарлы негізде қарастыра отырып, кейбір қымбат жиһаздарды сатып алмау керек дегенге келісемінм», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары