$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев мемлекет басқарудағы өзіндік стилін таныстырды

Тоқаев Елбасы ұстанған бағытты жалғастыратынын атап өтті. «Ең алдымен, бұл Қазақстан үшін қажет», – деп топшылады ол.
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия» телеарнасына берген сұхбатында мемлекетті басқарудағы өзіндік стиліне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Тоқаев Елбасы ұстанған бағытты жалғастыратынын атап өтті. «Ең алдымен, бұл Қазақстан үшін қажет», – деп топшылады ол. 

«Нұрсұлтан Назарбаевтың қайталанбас стилін айнытпай көшіру жоспарымда жоқ. Бірақ ол мемлекетіміздің негізін құрады, еуразиялық интеграцияның бастауында болды. Сондықтан, мен әуел бастан оның бағытын жалғастырамын деп мәлім еткенмін. Бұл ең алдымен, Қазақстан үшін қажет, бізге түбегейлі өзгерістің, катаклизмнің керегі жоқ», –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Кеңес Одағының ыдырау тарихын еске алды. 

«Маған дейінгі болғандардың барлығын ұмытыңдар. Бәрі өте нашар болды. Мен жаңа саясатты бастаймын» деген басшылардың сөздері қайда алып келді? Бұл қоғамды күйзеліске ұшыратты, тіпті Кеңес Одағы секілді алпауыттың да құлауына әкеліп соқты. Қазақстанға бұл қажет емес. Менің мінезім – жаман емес, яғни жиындарды айтарлықтай сабырмен өткіземін. Ең қиын сұрақтарды қамтитын жиналысым 40 минуттан аспайды, әйтпесе, 10-15 минутты арнаймын. Өзім қытай зерттеушісі болғандықтан, менің қанатты сөзім: «Барлық жұмсақ нәрселер барлық қаттыны жеңеді». Бұл фраза атақты қытай философы Лао Цзыдікі», –  деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары