$ 498.34  519.72  4.85

Айжан Байзақова маникюр жасату үшін Нұр-Сұлтанға барды

Желі қолданушылар блогердің бұл қылығына таң қалып, тойының жақсы өтуіне тілектес екендерін жеткізді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Атышулы Айжан Байзақова  тырнақ жасату үшін бір күнге Нұр-Сұлтанға барды. Бұл туралы блогер желідегі парақшасында жазды.

«Нұр-Сұлтанға бір күнге тойға арналған маникюр жасатуға ұшып барып келдім. Өзіме өте ұнады. Алғашқы рет тырнағыма жылтырақ жабыстырдым. Өмірде бір рет жасатуға болатын шығар», - деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылар блогердің бұл қылығына таң қалып, тойының жақсы өтуіне тілектес екендерін жеткізді. 

Еске салайық, Айжан Байзақова 2017 жылдың желтоқсан айында желіде былапыт сөз айтқаны үшін Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған болатын. 

Жақында ғана Байзақованың құлағына әлдекімдердің сырға салған сәті түсірілген видео жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары