$ 449.58  486.94  4.86

Ақмола облысындағы ұшақ апаты: зардап шеккен екі адамның бірі көз жұмды

Осылайша, ұшақ апатынан құрбан болғандардың саны екі адамға жетті.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Елорда маңындағы Ан-2 ұшағының апатының салдарынан зардап шеккен екі адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққа сілтеме жасап.

Апат салдарынан зардап шеккен ер адам қаладағы Темір жол ауруханасында жатқан. Ол ауруханада көз жұмды. Осылайша, ұшақ апатынан құрбан болғандардың саны екі адамға жетті.

Еске сала кетсек, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары