$ 443.85  474.3  4.8

Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлерге алғыс білдірді

«Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазды Тоқаев.
Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Twitter-парақшасында жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына қол ұшын созып жатқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең сағат 9:20 шамасында  Арыс қаласындағы әкери қару-жарақ қоймасындағы жарылыс болғанын жазған едік. Кейін тұрғындардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны жайлы ресми ақпарат тарады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешқұрым Арыс қаласына шыққанын мәлімдеп, тұрғындармен кездесті. 

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, жарылыста 2 адам қаза тапты.

Сондай-ақ, Арыстағы апат салдарынан 20 жолаушылар пойызы тоқтап тұр.

Арыста әскери қоймада болған жарылыстар салдарынан 19 тұрғын үй өртенген .

Мәжіліс депутаттары Арыс тұрғындарына бір күндік жалақыларын аударатынын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары