$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде зейнеткердің 2 млн теңгесін ұрлаған азамат ұсталды

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зейнеткер күдіктіге  2,3 млн теңгені тартып алды деп кінә тағып отыр.

Өзін «Өскемен су арнасы» мекемесінің қызметкері ретінде таныстырған тонаушы 79 жастағы зейнеткердің 2,3 млн теңгесін алып қашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зейнеткер күдіктіге  2,3 млн теңгені тартып алды деп кінә тағып отыр. 

Коммуналдық мекеме маманы ретінде ішке енген  күдікті  әуелі зейнеткерден төлем туралы түбіртектерді талап етеді.  Құжаттарды  тексеру кезінде ақша салынған буманы байқаған ол зейнеткердің бейқамдығын пайдаланып, буманы жұла қашқан. 

«Зейнеткерге 2,3 млн теңге материалдық шығын келген. Іздестіру кезінде 29 жастағы жұмыссыз, бұрын сотталған азамат ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары