$ 448.15  483.46  4.86

Ұлттық экономика министрі отставкаға кетуге өтініш береді

«Қазір мәселе апелляциялық қарауда. Сот шешімі күшіне енгеннен кейін, мен отставкаға кетуге өтініш беремін», - деді Даленов.
Фото: Tengrinews
Фото: Tengrinews

Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтың бұндай әрекетіне қоластындағы қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке тартылуы себеп болды, деп жазды Stan.kz.  

«Мен әлі отставкаға кеткен жоқпын, бірақ кетуге өтініш беремін», - деді ол журналистерге үкіметтің кулуарлы отырысында.

«Қазір мәселе апелляциялық қарауда. Сот шешімі күшіне енгеннен кейін, мен отставкаға кетуге өтініш беремін», - деді Даленов.

Еске салайық, 29 мамырда Есіл аудандық соты Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бұрынғы директоры Асланбек Жақыповты қылмыстық іс бойынша айыптаған. 

Сот Жақыповты 3 жылға бас бостандығынан айыруға және өмір бойына сот органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде ұлттық қорларда, холдингтерде қызмет ету құқығынан айыруға шешім шығарды. 

Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов 2019 жылы сәуір айында 500 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоластындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысы анықталғанда бірінші кезекте басшыларының отставкаға кетуі керек екенін айтқан еді. 

Дәленов 2018 жылдың ақпан айынан бастап министр қызметіне келген еді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары