$ 494.87  520.65  4.91

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы Арысқа 50 миллион теңге аударды

Ең көп қаржыны «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ аударып отыр.

Ақтөбеліктер қазір Арыс қаласының тұрғындарына арнап көмек беріп жатыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 50 миллион теңге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында гуманитарлық көмек бекеті ашылды. Ақпарат әлеуметтік желі арқылы тарады.

«Халық түні бойы хабарласып, қандай көмек қажет екенін сұрап білді. Алғашқы көмек ретінде екі жүк көлігі аттанды. Су, өсімдік майы, макарон секілді ең қажетті тамақ жіберіліп жатыр. Біздің облыста төтенше жағдай болғанда өзге облыстар көмектесті, біз де қол ұшымызды созамыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Асылжан Бүркіталин.

Қала тұрғындары қолда барын бөлісіп жатыр.

«Әлеуметтік желі арқылы ақпаратты біліп, «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратына жинап жатқан көмекке өз үлесімді қоспақ болдым. Отбасымызбен ақылдасып азық-түлік әкелдік. Біз бір ел болып, басына іс түскен тұрғындарға өз көмегімізді беруіміз керек», - дейді қала тұрғыны Клара Мәмбетова.

Ең көп қаржыны «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ аударып отыр.

«Компания басшысы іссапарда жүргеніне қарамастан қолдау көрсетіп жатыр. Сын сағатта халыққа көмек көрсетіп, 50 миллион теңге ақша аударылды. Мұнай кен орнындағы жұмысшылар да жалақыларын аударады, түсіндіру жұмыстары басталды. Арыс қаласының тұрғындарына бар жақсылықты тілейміз», - деді «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Тахталифум Есенғұлов.

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы бір күндік жалақыларын аударды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары