$ 448.89  477.93  4.76

«Арыста «Ақтабан шұбырынды» болып жатқанда қайдағы даңғаза?»: журналистер БАҚ өкілдері күнін тойлауға қарсы шықты

Журналист Гүлжамал Батырбекқызы Арыста қайғылы жағдай боп жатқанда мерекелеу барып тұрған бассыздық дейді.

Журналистер БАҚ өлдері күнін тойлаумауға шақырды. Бұған себеп Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы жарылыс. Бұл туралы ойларын олар Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. 

Журналист Гүлжамал Батырбекқызы Арыста қайғылы жағдай боп жатқанда мерекелеу барып тұрған бассыздық дейді. 

«Құрметті журналистер, БАҚ өкілдері! Біздің өңірде мынадай қаралы оқиға боп жатқанда 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін атап өтуге моральдық тұрғыда қақымыз жоқ. Мен баршаңызды кәсіби мерекемізді атап өтуден бас тартуға шақырамын! Мерекеге жұмсалатын қаржының сол жаққа аударылғаны дұрыс деп ойлаймын!», – дейді ол. 

Оның бұл пікірімен журналист Дәурен Әбдіраманов та келісетінін айтты. 

«Расында да журналистер күніне байланысты өтетін іс-шараға ішкі саясаттан қыруар қаржы бөлініп, тендер ойнатады. Оны белгілі бір фирма ұтып алады. Гүлжамал әпшенің ол ақшаны Арысқа берейік дегенін нағыз мұсылманның әңгімесі деп қабылдадым. Шынымен де, арыстық ағайындар уайымнан қан жұтып, қайғыдан қан түкіріп жатқанда жырқ-жырқ етіп той тойлау нағыз парықсыздық деп ойлаймын», – деп жазды ол.

Ал Арман Сқабылұлы журналистер күнін тойлау кейінге қалдырылғанын айтып,  Арыста «Ақтабан шұбарынды» болып жатқанда қайдағы даңғаза?» деп әлеуметтік желіге жазба қалдырды. 

«Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Күні бойы көрген видеолардың әсері болар. «Неге?» деген сауалға жауап іздедім. 

Осындай орасан зор қару-жарақ қоймасы қаймана қазақ қалың шоғырланған өңірге орналасыпты. Неге?

Кеңес өкіметі келмеске кеткен отыз жылда осы аждаһаны басқа жаққа көшіруге, ескірген арсеналды жоюға болар еді ғой. Неге? Қорғаныс министрлігі жыл сайын қару-жарақты көшіруге қаржы сұраған. Берілмепті. Неге? Момын қазақ бәріне көнеді деді ме? Қырылса қазақ қырылар деді ме? Сананы жаулаған сауал көп. Жауап жоқ!», – деп жазды ол. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін 28 маусым күні БАҚ өкілдері күні тойланатынын айтқан мәлімдеген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БАҚ