Шығыс Қазақстан облысында Семей-Алакөл тас жолында рейстік автобус өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Семей-Алакөл тас жолында ресйтік автобус бүгін таңда автобуста өрт шықты. Lifan маркалы автобустың моторлық бөлімде бөлшектер өртене бастаған. Одан кейін, жалын дөңгелектерге дейңн жетіп, әрі қарай транпорт салонына жайылды», - деді ТЖ өкілі.
Автобуста 12 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімі шықты. Сағат 6.30 өрт толығымен сөндірілді. Өрт аумағы - 32 кв.м. Алдын ала өрттің шығу себебі - қауіп төндіретін құрылғымен салақ қарау», - делінген ТЖ хабарламасында.