Экономист Мұхтар Тайжан қазақстандықтардың суицидке неліктен көп баратынын түсіндіріп, экономикалық реформалардың қажеттігін айтып өтті. Бұл туралы жазбасын ол Facebook-парақшасында қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Назар салыңыздаршы, біз Орталық Азия аймағында өз-өзіне қол жұмсаудан басқа елдерден 3 есеге асып, көш бастап тұрмыз! Неге адамдар өзіне қол салады? Кедейшілік, тығырыққа тірелу, үміттің жоқтығы, кредитке бату, қарыз... Бұған енді жастардың жұмыс іздеп сандалғанын қосыңыз», - деді Мұхтар Тайжан.
Сондай-ақ, ол бұл мәселенің шешу жолын да атап өтті.
«Бізге шұғыл түрде экономикалық реформалар қажет! Ал ол өз кезегінде саяси өзгерісті талап етеді», - деп жазды экономист.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың өз-өзіне қол жұмсаудан Орта Азияның көшін бастап тұрғанын жазған болатынбыз. Көрсетілген мәлімет бойынша, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп - 48,1 процентті құрайды. Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 процент, Өзбекстанда 13,6 процент, Қырғызстанда 13,4 процент. Тәжікстанда төменірек - 7,2 процент.