$ 449.3  489.69  4.89

Атырауда терезеден секірмек болған қыз таяқ пен күректің көмегімен құтқарылды (ВИДЕО)

Оқиға 15 шілде күні сағат 4-тер шамасында болған. Бойжеткен 4-қабаттың терезесінен секіруді көздеген.

Қызды құтқару операциясын куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 15 шілде күні сағат 4-тер шамасында болған. Бойжеткен 4-қабаттың терезесінен секіруді көздеген. 

Видеодан полицейлер мен 2 ер адам қыздың терезеден секіруіне кедергі жасап жатқанын анық көруге болады. Олар күрек пен таяқтың көмегімен қызды аман алып қалды.

«Мен көлігімді жөндетейін деп кетіп бара жатқам. Тұрғын үйдің терезесінен жас қыздың секіруге ұмтылған әрекетін байқадым. Лезде көлігімді тұрақтап, көмектесейін деп шештім», - дейді құтқарып қалған Есенбай Қайыров.

Ал екінші көмек қолын созған азамат 1-қабатта орналасқан дүкеннің қызметкері екен.

«Адамдардың шулап жатқанын байқап, жақындап келдім. Тек қарап тұра алмадым. Көмектесу үшін дереу екінші қабаттың балконына көтерілдім», - деді Михаил Катаров.

Екі ер адамға батыл әрекетке барып, қыздың өмірін арашалап қалғаны үшін алғыс хат табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары