$ 449.3  489.69  4.89

«Төсекке өзім сүйрегенім рас»: Қалталы күйеуді армандаған келіншек басынан өткен оқиғасымен бөлісті

Қалаға оқуға кеткен бойжеткенді бұрыннан сөз байласып жүрген жігіті алып қашқан екен. Университеттің І курсынан кейін келін атанған ауылдық қыз жаңа өмірге қадам басып, оқуын тастап кетуге мәжбүр болыпты.

Қызылордалық Ләззат (есімі өзгертілген) есімді келіншек күйеуінің өзіне сатқындық жасап жүргенін біледі. Сүйікті жарының бөтен әйелмен көңіл қосқанын біршама уақыт бұрын сезіп қойған екен. Телефонында белгісіз жанмен сөйлескен смс-хабарламалары сақталып қалыпты. Дегенмен жас келіншек күйеуінен айырылып қалудан қорқады. Себебі ажырасқан күннің өзінде баратын үйі жоқ. Жан өзегін өртеген Ләззаттың сырын NUR.KZ порталы жазды.

Ләззат он сегіз жасында тұрмысқа шығып кеткен. Қалаға оқуға кеткен бойжеткенді бұрыннан сөз байласып жүрген жігіті алып қашқан екен. Университеттің І курсынан кейін келін атанған ауылдық қыз жаңа өмірге қадам басып, оқуын тастап кетуге мәжбүр болыпты. Бүгінде жасы жиырма беске жеткен келіншек екі баланың анасы атанып отыр.

«Шынымды айтсам, жоқшылықтан қатты шаршап кеттім. Ата-анаммен бірге шалғайдағы ауылда тұрдық. Әкем үнемі ішіп келіп, анамды ұратын. Өз күшіммен қалаға оқуға түстім. Бірақ үнемі ақшадан қысылып жүрдім. Жанымдағы қыздарға қатты қызығатын едім. Олар қымбат киім киіп, бағалы ұялы телефондар ұстайтын. Менде ондай мүмкіндік болған жоқ», - дейді Ләззат.

Бойжеткен университет оқып жүріп, болашақ жары Маралханмен танысқан екен. Қаланың қақ ортасында тұратын жігіттің әлеуметтік жағдайы да едәуір жоғары болған. Қайткенде де қалталы азаматқа тұрмысқа шыққысы келген бойжеткен амалын пайдаланып жас жігітті өзіне қаратып алыпты.

«Мен ауылға қайтқым келмеді. Тіпті, университетте оқығым да келмеді. Ауқатты азаматқа тұрмысқа шығып, еш алаңсыз өмір сүргім келді. Маралхан менің қиялымдағы жігіт болатын. Ол менен бес жас үлкен, тұрақты жұмысы болды. Мені шынайы ұнатып жүргенін сезіп жүрдім. Осыны пайдаланып, төсекке өзім сүйрегенім рас. Аяғымның ауырлағанын қаладым. Сол кезде ол менен бас тарта алмайтынын білдім», - дейді біздің кейіпкеріміз.

Ләззаттың жоспары іске асып, санаулы уақытта аяғы ауырлаған. Ауылдағы ата-анасы «Ұзату тойын» жасап бере алмайтынын білген соң Маралханды өзін алып қашуға көндірген екен. «Үйлену тойы» ойдағыдай өтіп, жас келіншек көздеген мақсатыңа жетіпті.

«Мен екі жылдай ата-енемнің қолында тұрдым. Күйеуімнің ата-анасы өмір бойы қызмет істеген, көзі ашық кісілер. Мені қызындай қабылдап, керек дүниелеріммен қамтамасыз етті. Өз еркіммен оқудан шығып кеттім. Кейін бізге жер үй алып беріп, бөлек шығарды. Бүгінде ешқандай материалдық жағдайдан қиындық көріп отырғаным жоқ», - дейді Ләззат.

Алайда соңғы уақытта Ләззаттың көңіл-күйі бұзылып жүр. Себебі, келіншек күйеуінің ашынасы пайда болғанын абайсызда біліп қойыпты. Маралхан жұмыстағы жас қызбен кездесіп жүрген көрінеді. Басына бұлт үйірілген келіншек енді не істерін білмей жүр.

«Қазір күйеуім жиі іс-сапарларға шығып жүр. Бірақ шын мәнісінде ашынасына барып жүргенін ішім сезеді. Бұрынғыдай мейірімді әрі қамқор болуды қойды. Жанымда жатқысы келмейді, төсекте де салқындап бара жатыр. Менің жаңа өмірге аяқ басуыма себепкер болған азаматтан айырылып қалғым келмейді. Ұрыс та шығара алмаймын. Ажырасқан күнде қайда барамын? Ауылда менің жағдайымды жасайтын ешкім жоқ. Әзірге барынша сыр білдірмей, шыдап жүрмін. Балаларымның молшылықты өмір сүргенін қалаймын», - дейді жас келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары