$ 449.3  489.69  4.89

«Алматыдағы жан түршігерлік оқиға»: зорланған қыздың киімі желіде тарады

«Пәтерден шығып қашпақшы болғанымен, жігіттің біреуі оны ұстап алады. Сөйтіп жуынатын бөлмеге апарып, жаман ойын іске асырған. Одан кейін жататын бөлмеде 40 минут бойы зорлаған».
Фото: Немолчиkz
Фото: Немолчиkz

Facebook әлеуметтік желісіндегі «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова 18 жастағы қыздың зорланғанын дәлелдеу үшін оның киімін желіге салды. Құқық қорғаушының айтуынша, бұл қылмыстық іс полицейлердің «Өзі кінәлі» деп айтуымен қозғалусыз қалған. Енді ол прокуратурадан үміт күтетінін жазды деп хабарлайды Stan.kz. 

Құқық қорғаушы 18 жастағы бойжеткеннің қалай зорланғанын өз парақшасында жариялады.

«18 жастағы бойжеткенді құрбысы пәтерге кішігірім отырысқа шақырған. Басында ол келіспегенімен, кейіннен қасындағы қыздың көңілін қимапты. Өздері Алматы қаласының айналасындағы ауылдардың бірінен келген. Сөйтіп қыздар болып жиналып жігіттердің шақырған пәтеріне барады. Ол жерде күліп-ойнайды, ішеді. Кейбіреуі масайып қалған. Бір уақытта қыздың кеткісі келген екен. Алайда, сол жердегі жігіттердің бірі оны жібергісі келмеген. Пәтерді жауып, кілтті тығып тастапты. 

Жігіт өзінің жыныстық қатынаспен айналысқысы келгенін ашық айтқан. Бірақ қыз қарсылығын білдіреді. Бірақ оның көнбегеніне қарамастан, әлгі жігіт қызды құрбыларының көзінше ұрған. 

Соққы алған ол жуынатын бөлмеге қашып барып, полицияға хабар береді. Алайда, олар келе қоймаған. Пәтерден шығып қашпақшы болғанымен, жігіттің біреуі оны ұстап алады. Сөйтіп жуынатын бөлмеге апарып, жаман ойын іске асырған. Одан кейін жататын бөлмеде 40 минут бойы зорлаған. Ісін бітіргенде ғана қыз пәтерден қашып шығып, дәріханаға жүгірген. Бір сағат бұрын шақырған полиция сол кезде ғана келіпті. Ал құрбылары оны зорлап жатқанда қашып кеткен екен.

Бұл оқиға Алматы қаласында 11 мамыр айында болған, тергеуші С.А қыздан жауап алып, жібере салған. Бүгін осы іс бойынша Алматы қаласының прокуратурасына бардым, енді қолға алынатын шығар», – деп жазды Дина Смаилова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары