$ 449.3  489.69  4.89

«Маған «ит қатын» деп сөйлейді»: жас келін енесінің екіжүзділігінен шаршағанын айтып ақыл сұрады

Келін болып түскелі тыныштық жоқ, келіннің міндеті қандай болса, бәрін қолымнан келгенше жасап жатырмын, оны міндетсінбеймін, әрине. Бірақ енемнің көңілінен шыға алмай-ақ қойдым.
Фото: Единственная
Фото: Единственная

«Әркімнің басында түрлі жағдайлар болады ғой. Ал менің оқиғам сол әдеттегі келін мен ененің арасындағы келіспеушілік.

Менің жасым 21-де. Тұрмыс құрғаныма екі жылдай болып қалды. Аллаға шүкір 4 айлық қызым бар. Ата- енеммен бірге тұрамыз. Күйеуім 3 қыздан кейінгі жалғыз бала (3 қайынәпкем бар), ең үлкен қайынәпкем ажырасқан. 1 ұл 1 қызы бар, бізбен бірге тұрады. Нақтырақ айтқанда, қайынәпкем 11 жылдан бері осы үйде тұрады.

Менің мәселем енем мен осы қайынәпкемде. Келін болып түскелі тыныштық жоқ, келіннің міндеті қандай болса, бәрін қолымнан келгенше жасап жатырмын, оны міндетсінбеймін, әрине. Бірақ енемнің көңілінен шыға алмай-ақ қойдым. Бүкіл тірлігіме араласа береді.

Төркінімнен біреу келейін десе «келмесін звондап айт, күте алмаймыз дейді. Өзінің туыстары болса, ештеңеге қарамайды бүкіл тірлікті маған жүктеп қояды да (қонақ күтетін кезде), өзі TV қарап отырады. Ең болмаса, қызыма қарап отырса болады ғой.

Күйеуімді менен қызғана береді. Жалғыз бала болған соң шығар. Төркініме барайын десем жібермейді. Арасы екі-ақ сағаттық жол. Маған «ит қатын, жарым, жарты ми» деп сөйлейді. Одан қалса, қайынәпкем шағыстырып отырады енеме жамандап мені. Ешқайда шығармайды, мені тіпті күйеуіммен отырыс, той дегендерге жібермейді. «Өзі барып келе берсін ол еркек сен қатынсың, сен үйде отыруың керек», - дейді. Мені құл сияқты көреді.

Артымнан келген дүниелерімнің жартысын қыздарына беріп таратып бітті, тіпті көрпе - көпшігіме дейін.

Күйеуімнің, қайынатамның көзінше маған жаным, жаным қызым деп сөйлеп өзгеріп шыға келеді. "Апа неге өйтесіз?" десем, жұрттың көзінше жылап концерт қояды.

Не істейін әпкелер? Ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Шаршадым енемнің екіжүзділігінен».

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары