$ 494.87  520.65  4.91

«Жемқорлықты әшкерелеп отырған ұлттық бюрода да бар»: белгілі заңгер дастархан жаятындарды сынға алды

«Шенеуніктерге арнап қымбат дастархан жайылады. Тіпті, кейбір жайылған дастарханның бағасы әлгі шенеуніктің алып отырған жалақысынан да асып кетеді», - деп жазды заңгер.
Фото: Уральская неделя
Фото: Уральская неделя

Заңгер Абзал Құспан елордадан келетін шенеуніктерді жергілікті билік өкілдері дастархан жайып күтіп алатын айтып, бұл мәселеге заңмен тыйым салу керектігін алға тартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Жемқорлық - бүкіл мемлекеттік жүйенің ауруы. Меніңше, ол үшін қарапайым ғана ауданда немесе ауылдық округ әкіміне Астанадан шенеуніктер келген кезде, шай беру деген нәрсеге заңмен тыйым салу керек. Өйткені ол - кәдімгі жұмыс бабымен келген шенеунік. Оған арнап қымбат дастархан жайылады. Тіпті, кейбір жайылған дастарханның бағасы әлгі шенеуніктің алып отырған жалақысынан да асып кетеді», - деп жазды заңгер Facebook-парақшасында

Оның айтуынша, осылайша күтіп алу жемқорлықтың бастауы болып табылады. 

«Әлгі әрекет ары қарай жең ұшынан жалғасып кете береді. Бұл бүкіл жүйенің ауруы. Тіпті, бұл жүйе жемқорлықты әшкерелеп отырған ұлттық бюрода да бар...», - деді Абзал Құспан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары