Жаңалықтар 20.07.2019 сағат 23:51

Маңғыстау облысында граната жарылып, жас жігіт қолы мен көзінен айрылды

Науқастың туыстары, жас жігіттің қолы мен көзінен айырылғанын айтты.
Маңғыстау облысында граната жарылып, жас жігіт қолы мен көзінен айрылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстау облысындағы № 99116 әскери бөліміндегі оқу-жаттығу кезінде  граната жарылып, әскери борышын өтеп жүрген жігіт ауыр жарақат алды, деп хабарлайды инАқтау.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 17 шілде күні Бейнеу елді мекенінде әскери борышын өтеп жүрген жігіт өте ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

"Дәрігерлер шұғыл түрде көмек көрсетті. Қазір науқас Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жеткізіледі", -  деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.  

Науқастың туыстары, жас жігіттің қолы мен көзінен айырылғанын айтты. Қазір екінші көзді сақтап қалу аса маңызды болып отыр.

"Маңғыстауда тиісті ота жасай алмайды. Сергейді шұғыл түрде Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу керек. Дүйсенбіге дейін уақыт жоқ. Санитарлық авиация жіберіп, шұғыл ота жасау керек. Оң жақ көзін аман алып қалуға үміт бар" , - дейді жігіттің туыстары.

Сергейдің туыстары денсаулық сақтау министрлігіне Маңғыстауға тікұшақ жіберуге өтініш білдірмек.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар