$ 494.87  520.65  4.91

«Жас иіске жетпейді»: өзінен 10 жас үлкен күйеуі бар келіншек жас жігітпен қалай көңіл көтеріп жүр?

Екі баласы бар келіншек үнемі жұмысына үңіліп отыратын күйеуінен жылулық іздеп шаршаған.

30 жастағы екі баланың анасы күйеуінің өзінен 10 жас үлкен екенін astana__forum парақшасында жазды. Алайда келіншек ғаламторда жас жігітпен танысып, оған ғашық болып қалғанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі баласы бар келіншек үнемі жұмысына үңіліп отыратын күйеуінен жылулық іздеп шаршаған.

"Тұрмыс құрғаныма алты жыл болды. Екі балам бар. Кішісі үнемі жанымда жүреді. Күйеуімнің жұмыстан қолы босамайды. Алайда ол үйде отырып жұмыс жасайды. Оның маған опасыздық жасамайтынын білемін. Тіпті: "Көзіме шөп салсаң, өзіме қол жұмсаймын" дейді", - деп жазды ару.

Келіншек ғаламтор арқылы 24 жастағы жас жігітпен танысып, онымен кездеспей жатып ғашық болып қалғанын сөз етті.

 

"Жасы 24-те, үйленбеген. Ол мені де өзімен қатарлас, бойдақ қыз деп ойлапты. Оған бауыр басып кетіппін, үнемі ойлаймын да тұрамын. Бірақ күйеуіме опасыздық жасайтын ойым жоқ. Онымен кездеспеймін. Бұл жай ғана виртуалды қатынас. Бірақ оны сағынып тұрамын. Жас жігітті қалаймын. Күйеуімнің жасы 40-та", - деп ағынан жарылды әйел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#опасыздық