Жаңалықтар 21.07.2019 сағат 01:25

21 шілде не болғанын білесіз бе?

21 шілдеде қандай қызықты оқиға болды
21 шілде не болғанын білесіз бе?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін америкалықтар Зиянды тағам күні немесе Қоқыс тағамы күнін атап өтеді. Америкада ең танымал тағамдар дәл осы "қоқыс тамағы" санатына жатады, деп жазады Sputniknews.kz.

Америка халқының 60 проценттен астамы артық салмақтың зардабын тартатыны да сондықтан. Ғалымдардың болжамынша, егер семіздік қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, 2020 жылға қарай америкалықтардың 75 проценті ауыр салмақтылар қатарына кірмек. Бүгінде дұрыс тамақтануды қолдайтындар тамақтағы әр калорияны есептеп, зиянды астан барынша бас тартуға тырысады. Сол себепті олар "Зиянды тағам күнін" мерекелеуге үзілді-кесілді қарсы.

"Зиянды тағам" терминін осыдан қырық жыл бұрын микробиолог Майкл Джекобсон ойлап тауып, айналымға енгізген. Ол адам денсаулығына зиянды қоспалары мен калориясы көп азық-түлік өнімдерін атап көрсетті. 2008 жылы ғалымдар "зиянды өнім" адамды тамаққа тәуелді етіп, миға есірткі сияқты әсер ететінін дәлелдеді.

Бүгін Бельгияда – ұлттық мейрам. Бұл мереке айтулы дата құрметіне бекітілген. 1831 жылы жаңа король І Леопольд таққа отырып, Бельгия парламентінде ант берген еді. Осыдан кейін Бельгия Конституциясы мен елдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1831 жылдың ақпанында Бельгия қос палаталы парламенті бар конституциялық монархияға айналды.

21 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1798 жылы Наполеонның Мысырға жорығы: пирамидалар алдындағы шайқас;

1969 жылы америкалық астронавтар Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин "Apollo 11" сапары аясында Айға табан тіреді;

1983 жылы "Шығыс" антарктикалық станциясында тарихта алғаш рет ғаламшардағы ең төменгі температура − 89,2 °C тіркелді;

2007 жылы Ағылшын тілінде "Гарри Поттер и Дары Смерти" деп аталатын жетінші кітап жарыққа шықты.

21 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1917 жылы қазақ зиялылары Орынборда "Алаш" партиясын құру туралы шешім шығарды;

1958 жылы Қазақ симфониялық оркестрі, қазіргі мемлекеттік симфониялық оркестрі құрылды;

1971 жылы Қазақ КСР-нің Жер кодексі қабылданды;

1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы көшеге жазушы Оралхан Бөкейдің есімі берілді;

2007 жылы Тараздағы қазба жұмыстары кезінде Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтары табылды;

21 шілдеде туған танымал тұлғалар

1899 жылы америкалық жазушы, журналист, әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хэмингуэй дүниеге келді;

1948 жылы кеңестік және ресейлік жазушы-сатирик, драматург, әзіл-сықақшы, Ресей жазушылар одағының мүшесі Михаил Задорнов өмірге келді;

1951 жылы америкалық актер Робин Уильямс туды. Көпшілікке "Джуманджи", "Умница Уилл Хантинг" және тағы басқа фильмдері арқылы танымал;

1969 жылы ресейлік поп және фолк әнші Авраам Руссо дүниеге келді.

21 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1960 жылы мәжіліс депутаты Ирина Смирнова дүниеге келді;

1978 жылы бұрынғы дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов өмірге келді.

Ай күнтізбесі     

Ай Балық белгісінде орналасады. Демалуға қолайлы күн. Табиғат аясына шығуға кеңес береміз. Бұл күні отбасылық салт-дәстүрлер, оларды сақтап қалудың жолдары жайлы ойланған абзал. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Аз сөйлеп, көп тыңдауға тырысыңыз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар