$ 443.85  474.3  4.8

7 адам ауруханада жатыр: Алматыда автобус пен КамАз соқтығысқан

Жолаушылардың барлығы №4 қалалық ауруханаға түскен. 6 адам политравма бөлімшесіндегі қарқынды терапия бөліміне түсті.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Дәрігерлер Алматыдағы автобус пен КамАЗ соқтығысуынан жарақат алған жолаушылардың жағдайы туралы  түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Жолаушылардың барлығы №4 қалалық ауруханаға түскен. 6 адам политравма бөлімшесіндегі қарқынды терапия бөліміне түсті. 

«Олардың жағдайы өте ауыр. Қазір шокқа қарсы терапия жүргізіліп жатыр. Барлығы жоғары инертті қозғалыстың кесірінен ауыр жарақат алған. Пациенттерді мультидисциплинарлы бригада өкілдері қарады. Бір пациент амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілді», - деді қалалық қоғам денсаулығын сақтау басқармасынан. 

Айта кету керек, жол апаты Түрксіб ауданына қарасты Шоссейная және Боралдай көшелерінің қиылысқан тұсында, таңғы 9:35-те болды. Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары