$ 494.87  520.65  4.91

Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби мерекесін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті. Бұл мерекені Елбасы, ҚР Президентінің Жарлығымен 28 қазан – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып бекітілген еді. Содан бері бұл саланың мамандары жыл сайын айтулы датаны тойлап келеді.

 

Салтанатты жиынға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Е.Айтаханов бес мыңға жуық сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, өз жұмысында елеулі еңбек етіп жүрген 48 қызметкерді марапаттады.

Онда əлеуметтік саланың бірқатар үздік қызметкерлері ҚР Үкіметінің «Еңбек ардагері» жəне ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Əлеуметтік саланың үздігі» төсбелгілерімен наградтталып, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Атаулы күні медициналық-əлеуметтік мекемелерде емделуші мүмкіндігі шектеулі жандардың жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында бизнесін бастаған кəсіпкерлер өз өнімдерінің жəрмеңкесін ұйымдастырды.

Соңғы жылдары еліміздің әлеуметтік жүйесінде, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында, еңбек қатынастары мәселелеріне түбегейлі бетбұрыс жасалды. 2007 жылы Еңбек Кодексі күшіне енді. Соңғы жылдары халықтың табысы, бюджеттік қызметкерлердің жалақысы, студенттердің стипендиясы бірнеше есе өскен. Зейнетақы төлемдері де жыл сайын артып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ОҚО