$ 446.49  475.38  4.79

Республикадағы ең үлгілі отбасы ОҚО-да тұрады

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында еліміздегі ең үлгілі, көпұлтты және өнерлі жас отбасы тұрады. Жақында өткен республикалық «Бірге өмір сүру» фестивалінде түркістандық Абдуқадыровтар отбасы қатысып, қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп қайтқан еді.

Бұл отбасылық сайыста «Аққу» күйін ұл-қыздары Гаухар, Ерназар және Азаматпен бірге орындап, Гран-при жеңіп алған болатын. Д.Абдуқадыров – кәсіпкер, жұбайы Гүлжан – мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Ол оқушыларына үнемі мемлекеттік тілде сөйлеуді, сол тіл арқылы отанды сүюді насихаттап жүреді. Биыл шаңырақ көтергендеріне 7 жыл болған бұл үлгілі отбасы екі ұлттың да салт-дәстүрін бірдей сақтап өмір сүріп келеді. Естеріңізге салсақ, Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 26 қазан күні «Бірге өмір сүру» республикалық фестивалі өткен болатын. Айтулы шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен ең озық деген жас отбасылар өнерлерін ортаға салып өзара бақтарын сынады. Барлығы да, өзге ұлт өкілімен бір шаңырақ астында тату-тәтті бірге өмір сүріп жатқан жандар. Айта кету керек, фестивальді ұйымдастырушылар осы шара арқылы еліміздегі татулық пен тұрақтылықты, сыйластық пен түсіністікті арттыруға аз да болса үлес қосуға болады деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары