Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7%-ға жоғарылады, деп жазады BAQ.KZ ақпараттық порталы. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
2019 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату бағалары – 0,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату 0,6%-дан өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7%-дан жоғары болды.
Әдіснамалық түсініктемелер:
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлік пен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.