$ 444.22  476.38  4.82

Бүгін Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шешуші сот отырысы өтті

Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты.

Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оның барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты. 

Кездесу сағат 10.00-нан бастап (Гуанчжоу уақыты) 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берді. Үкімнің жарияланатын күні ашық.

Дереккөз: Adyrna.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары