$ 494.87  520.65  4.91

«Алимент төлемейді»: атыраулық 5 балалы келіншек баспанасыз қалып отыр

Қазіргі таңда, ол бес мың теңгеге жер үйді жалға алып отыр. Оған қоса, көпбалалы ана су мен жарық үшін төленетін коммуналдық қызметтер үшін ай сайын тағы бес мың теңге жаратады.

Алматы облысында күйеуімен ажырасып кеткен көпбалалы ана бес перзентімен дала кезіп жүр. Жанұясынан кетіп қалған отағасы балаларына қаржылай көмек көрсетпейді. Бүгінде алтыншы сәбиіне аяғы ауыр Айгүл Елеуова жүгінер ешкімі болмағандықтан, көптен көмек сұрауға мәжбүр болған. Әйел адам тіпті, бүлдіршіндерін мектепке киіндіре алмай отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл есімді Атырау тумасы бес баласымен Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылында тұрады. Қазіргі таңда, ол бес мың теңгеге жер үйді жалға алып отыр. Оған қоса, көпбалалы ана су мен жарық үшін төленетін коммуналдық қызметтер үшін ай сайын тағы бес мың теңге жаратады.

Алайда, Айгүл бұл үйден де кетуге мәжбүр. Үй иесі көпбалалы анаға баспананы босатуын сұраған. Бес баласымен далада қалуына аз қалған келіншекке тез арада жаңа үй табу керек. Бірақ, көбісі көпбалалы ананы пәтеріне тұрғызғысы келмейтін болып шықты.

Айгүл өзі жұмыс істемейді. Оның алтыншы баласына аяғы ауыр. 15 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған жолдасы отбасынан кетіп, бірақ уақыттан соң қайтадан оралып жүрген. Алайда, бұл жолы көпбалалы әке түбегейлі шешім қабылдап, жаңа өмір бастауды жөн көріпті.

Айгүлдің айтуынша, ол алимент төлемейді.

"Шілденің басында 21 мыңдық жәрдемақыға құжат тапсырғанмын. Кейін маған құжаттарым жетпейтінін айтты. "Қандай?" деп сұрағанымда алиментке арыз қағазыңыз жоқ деді. Бірақ, мен құжаттарымды толық өткізгенімді жақсы білемін.

Мен оларға дұрыстап қарауларын сұрадым. Таппады. Содан кейін ватсап арқылы жіберсін деді. Айтқандарын істедім. Сосын олар қағаздарды қараймыз деді. 15 минуттан кейін, маған хабарласып жоғалып кеткен алиментке арыздың құжатын черновиктер арасынан тапқандарын айтты.

Бұл дегеніміз қоқысқа кетті деген сөз ғой. Толық бір істің ішінде басқа құжаттар толық болады да, дәл маңызды әрі қажетті құжат жоқ болады. Нәтижесінде, мен өзім Ұзынағашқа баруым керек болды.

Шын мәнінде алимент алып жүргенім жоқ. Күйеуіммен маусым айында ажырастық. Бір-екі айдың ішінде он-он мыңнан жиырма теңге ғана берді. "Ол жиырма мың не болады маған" дедім.

Көпбалалы ана ретінде 10 500 теңге көлемінде жәрдемақы аламын. Ол пәтерім мен жарыққа кетеді. Дәл қазір, тіпті үйде тамақ та жоқ" , - деді Айгүл.

Айгүлдің төрт баласы мектеп қабырғасында білім алады. Олар тоғызыншы, сегізінші, бірінші сыныпта және біреуі дайындық мектебіне барады. Көпбалалы ана басына түскен ауыр жағдай салдарынан олардың біреусін де мектепке жинай алмай отыр. Келіншектің бұрынғы күйеуі оларға көмектесуге міндетті емес екенін айтуда.

Айгүлдің сөзінше, орталық мешітте көмектесуге уәде етіп, тек спорт формасын ғана бөліп берген. Мектеп өкілдері де көмек қолын созатынын айтып, нәтижесінде одан да нәтиже шықпады. Кейін Айгүл екі отбасына көмек көрсетілгеннін анықтаған.

Сонымен қатар, Айгүл жергілікті мекен-жайы бойынша да тіркелмеген. Бұған дейін ол жалдап тұрған басқа үйде тіркелген. Алайда, үй иелері одан тіркеу үшін ай сайын он мың теңге төлеуді талап еткен.

"Естуім бойынша, үш баласы бар келіншекпен тұрады деп естідім. Өзім көрмеген соң, шын-өтірігін білмеймін. Кетуінің себебі бар. Бір жақтан болмайды ғой. Екі жақтан да бар. Ақша жетіспеушіліктен, жұмыс жоқтығы. Менің ешкімім жоқ. Әке-шешем, бауырларым барлығы қайтыс болып кеткен. Өзім жалғыз қалып қалдым.

Қыс айында мешіттен көмек болды. Азық-түліктерін, бір тонна көмір болса да әкеліп берді. Қалталы азаматтар мен азаматшалар болса, көмектесетін шығар деп ойлаймын", - деп айтты әйел адам.

Оған қоса, отбасыда кенже қыз ауыраттын болып шықты. Айгүл ол жылаған кезінде тілін жұтып қоятынын айтты. Сол себепті, ол үнемі баласының қасында болып, одан алыстамау керек. Әйел адам қызын дәрігерлерге апармаған. Көпбалалы ананың айтуынша ол үшін де ақша керек.

"Босануыма аз қалды. Маған Алматыда босанасын деді. Себебі, бес баладан кейін перинаталды орталықта босану керек. Бірақ, мен одан бас тарттым. Бес баламды кімге қалдырып кетемін" , - деді ол.

Оған қоса, Айгүл оның мойнында төленбеген несиесі бар екенін айтты. Келіншек соның себебінен банк картасын аштыра алмайды. Көпбалалы ана бұрында ағасы үшін несие алып берген. Алайда, ер адам оны толық төлеп бітпей қайтыс болып кетті.

Айгүлдің сөзінше, марқұм ағасы оны баспанасынан айырған.

"Анамның інісіне несие алып бергем. Ол кісі қайтыс болып кетті. Басында бір ай өзім төледім. Одан кейін төлегем жоқ. 2014 жылы төртінші баламды босанып жатқанда ол кісі маған хабарласып, "үйді сататын көрінесің, мен саған клиент тауып берем" деді. Мен сатқым келмеген. Жолдасым, бой бермей, сатуымды өтінді. Алматыда қалайық деді. 

Сосын біз кездесіп, мен оған нотариус арқылы қол қойып бердім. Бір жағдай болғанда менің атымнан сотқа немесе арыз жазуға құқығы бар деп. Ағам болса, Атырауға барып, дәл менікіндей қол қойып, үйді үш миллион теңгеге сатып жібергендей болып, өз әйелінің атына аударып жіберген. Осылайша, не үй де жоқ, ақша да жоқ. Далада қаңғып қалдым" , - деді ол.

Қазір Айгүл Елеуова жанашыр адамдардың көмегіне үміттеніп отыр. Оған пәтер тауып, балаларын мектепке киіндіруге көмек керек.

"Балалар өсіп, үлкен азамат болады. Мен оларды жақсы адам етіп тәрбилеп шығарамын" , - деді ол.

Айгүл сенім білдіретін туысқанының картасы:

Kaspi Gold: 5169 4971 5278 9297 (Аяулым Тлеуғалиева).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары