$ 494.87  520.65  4.91

«Балалар 4-4,5 келі сөмке көтеріп жүр»: Алматылық оқушылар остеохондроз дертіне шалдығуы мүмкін

Мемлекеттік мектептерде бала саны тым көп болғандықтан, орын жетіспеушілігі 30%-ға жетті.

Бұл туралы Алматы қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты», деп хабарлайды "Айқын" газетінің ресми сайты.

Оның айтуынша, қазір қаладағы 254 мектепте 266769 оқушы оқиды. Сонымен қатар, 28 арнайы интернатта 7593 оқушы білім алып жатыр. Мемлекеттік мектептерде бала саны тым көп болғандықтан, орын жетіспеушілігі 30%-ға жетті. 

«Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі нормадан 2-3 есе ауыр. Ал 5-6 сынып оқушыларының сөмкесі қалыпты көрсеткіштен 3-4 есе ауыр. Жалпы 5-сынып оқушылары үшін сөмкенің салмағы 2,5 келіден аспауы тиіс. Ал қазір оқушылар 6-9 келі сөмке арқалауға мәжбүр. Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі 1,5-2 келіден аспауы тиіс. Шын мәнінде балалар 4-4,5 келі сөмке көтеріп жүр», – деді баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова. 

Департамент басшысының айтуынша, мектеп сөмкесінің салмағы қалыптан тыс болса сколиоз, остеохондроз сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары