$ 446.49  475.38  4.79

Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындары енді көмірге уланып жатыр

Жарылыстан зәрезап болған Арыс тұрғындары енді қысы-жазы көмірдің шаңы мен түтініне уланып отыр.

Жарылыстан зәрезап болған Арыс тұрғындары енді қысы-жазы көмірдің шаңы мен түтініне уланып отыр. Көкөніс қоймасы ретінде ашылған жекеменшік нысан бес жылдан бері көмір базасына айналып кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Тұрғын-жайлардан кемі жарты шақырымда орналасуы тиіс база мен үйлердің арасы 50 метр болғандықтан, арыстықтар жаздай шаңға тұншығып, қыстай түтінге уланып жатырмыз дейді.

Жарылыстан зәрезап болған Арыс тұрғындары енді қысы-жазы көмірдің шаңы мен түтініне уланып отыр. Көкөніс қоймасы ретінде ашылған жекеменшік нысан бес жылдан бері көмір базасына айналып кетіпті. Тұрғын-жайлардан кемі жарты шақырымда орналасуы тиіс база мен үйлердің арасы 50 метр болғандықтан, арыстықтар жаздай шаңға тұншығып, қыстай түтінге уланып жатырмыз дейді. 

Үкіжан Асанова, Арыс қаласының тұрғыны: 

- Күнде осы, таң атқаннан кеш батқанға. Балашағаны үйге қамап шығармаймын. Шығарғанның өзінде мектепке апарамыз, біреуі үйде уланып жатыр. Демалуң қиын, жөтел деген бәле болды. Қазір басымыз ауырып жүр. Бетперде саудасы қызып тұр. 

Өкпесі қатты отынның шаңы мен түтініне толғанын айтқан арыстықтар шетімізден сырқат болдық деп шағымдануда. Көмір базасының орнын ауыстырып, не жауып тастауын талап еткен жұрт жергілікті билікке сан мәрте шағым жазған. Тексеріп келген санэпидемилологтар мен экологтар тұрғындардың арызын құптап, зиянды нысан үйлерге жақын орналасқанын ескертіп, жабылсын деген ұйғарым жасапты. Алайда құзырлы орындардың шешімін жекеменшік мекеме басшысы «қыстырған да жоқ» деген жұрт көмір сататын кәсіпкердің жоғарыда дөкей көкелері бар деп санайды. Ал жұртқа зиян тигізгенін мойындаған кәсіпкердің өзі «бар түйткіл жергілікті әкімдікте» деп отыр. 

Айнабек Сайлауов, кәсіпкер: 

- Бұның бықсығанына екі күндей болды. Бірақ өшіріп жатырмыз. Азанда бықсиды, түнде өшіре алмаймыз, азанда өшіріп тастаймыз, түске дейін. Бұл бір жарым күнде бітеді. Әкімдіктен жер сұрадық, береміз деді. Беруі керек. Бұл тұрғындардың қасында болмауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жарылыс #Арыс