$ 494.87  520.65  4.91

«Тірі қалу мүмкіндігі аз»: дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын хабарлады

«Қазір біз оған ешкімді кіргізбей отырмыз, қайтадан инфекция жұға ма деп қорқамыз. Ол оқшауланған. Туған-туыстары келіп жағдайын біліп тұрады. Біз түсіндіріп айтамыз. Ол ес-түссіз жатыр, өмірі жасанды жолмен аппарат арқылы қамтамасыз етілуде», - деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрігерлері күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқастың реанимация бөлімшесінде жатқанына 9 күн болды. Жағдайы өте ауыр, күйген кезде алған қорқыныштан арылды. Гемодинамикасы тұрақсыз. Өмірлік маңызды органдардың қызметі дәрі-дәрмектің күшімен жұмыс істеп тұр. Болжам күмәнді, жағдайы жақсарып келе жатқан жоқ. Тірі қалу мүмкіндігі жайында айтуға әлі ерте», - дейді анестезиология, реанимация және қарқынды терепия бөлімшесінің дәрігер-реаниматологы Ербол Төлгенұлы. 

Оның атап өтуінше, науқас зонд арқылы тамақтанады, өкпесі жасанды жолмен тыныс алуда. 

«Қазір біз оған ешкімді кіргізбей отырмыз, қайтадан инфекция жұға ма деп қорқамыз. Ол оқшауланған. Туған-туыстары келіп жағдайын біліп тұрады. Біз түсіндіріп айтамыз. Ол ес-түссіз жатыр, өмірі жасанды жолмен аппарат арқылы қамтамасыз етілуде», - деді ол. 

Бұған дейін елордалық азаматтың отбасылық жанжалдан соң әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары