Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран соғып тұр. Күн райының күрт бұзылуына байланысты, аймақта бірнеше автокөлік жолы жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
«Қазақавтожолдың» ақпаратына сүйенсек, 19 қазан күні сағат 12.45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты, республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (15-105 ш., Белоусовка-Риддер қ.) және «Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» (6-66 ш., Ушановское-Серебрянск қ.) автожолында тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автокөлігінің қозғалысы шектеледі.
Еске сала кетсек, 17 қазанда Риддер қаласында жауған жаңбырдың соңы қарға ұласқан болатын. Алайда, қалың қар Риддердің тек таулы аймағында ғана түскен.