$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда оқушылар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Төбелескен оқушылардың сынып жетекшісіне тәртіптік жаза қолданылғаны айтылған.

Елорда бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«18 қазан күні қаладағы #31 мектептің 4-сынып оқушылары арасында кикілжің туындап, арты төбелеске ұласқан. Балалар сынып жетекшісін шақырғаннан соң барлығы сыныпқа кіріп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сабақтарына оралды», - деді қалалық білім басқармасы. 

Келесі күні мектеп әкімшілігі орын алған оқиға бойынша балалардың ата-аналары және мектеп психологінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. 

«Кездесу барысында ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, татуласуға келді. Ал екі оқушы мектепішілік есепке алынды. Сонымен қатар, келесі күні төбелестің зардап шеккен бір оқушы ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Зардап шеккен баланың ата-анасы ювеналды полицияға шағым жазды. № 31 мектептің әкімшілігіне оқушылармен жеке жұмыстарды күшейтуді және осы сыныпты қатаң бақылауға алу тапсырылды», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, хабарламада төбелескен оқушылардың сынып жетекшісіне тәртіптік жаза қолданылғаны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұрсұлтан