$ 494.87  520.65  4.91

Баласы үшін қаза тапқан ер адамның сәбиі есін жиды

Қызылорда облыстық аурухана дәрігерлері бала есін жиғанын хабарлады.

Дәрігерлер Қызылордада әкесі өз денесімен жауып автобустан құтқарып қалған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облыстық аурухана дәрігерлері бала есін жиғанын хабарлады. 

"Ол бізге ес-түссіз күйінде түскен болатын. Қазір есін жиды. Кеше түсте жасанды демалдыру қондырғысын алып тастадық. баланың жағдайы ауыр. Жағдайының жақсарып кетуіне үміт артып отырмыз. ең бастысы есін жиды", - деді облыстық аурухана дәрігерлері.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері ауыр жағдай артты қалғанын айтты. Алайда, болжам жасауға әлі ерте дейді. Егер баланың жағдайы жақсарса, дәрігерлер оның басын томографияға түсіруге дайын отыр екен. Оның нәтижесін Нұр-Сұлтан қаласына жібереді екен. Егер қажет болса, баланы сол жаққа ауыстыруы да мүмкін. 

Айта кетсек, баласын автобустың соққысынан құтқарып қалған әкесі қайтыс болып кеткен болатын. Артынша әке мен баланы соққан автобустың видеосы желіде жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда