$ 498.34  519.72  4.85

Ресей қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға рұқсат бермеді

Петрунинамен әңгімелескен шенеуніктердің пікірінше, акцияны көрген адамдар қазіргі Ресейде қуғын-сүргін болып жатыр деп ойлауы мүмкін.
Фото: Азаттық
Фото: Азаттық

Ресейдің Түмен облысының шенеуніктері совет кезіндегі қуғын-сүргінді еске алуға арналған митинг өткізуге «митингтің сағат сайынғы жоспары жоқ» деген уәжбен рұқсат бермеген. Бұл туралы «ОВД-Инфон» акцияны ұйымдастырушы Дарья Петрунинаға сілтей отырып, хабарлады.

Белсенді 30 қазанда қала орталығына 30-ға жуық адам жиналып, қуғын-сүргін құрбандарына дұға жасамақ болғанын айтады, деп жазады Азаттық.

Акция өткізетіні жайлы әкімшілікке хабарлағаннан кейін Петрунинаны полиция шақырып, оның «Ресейдегі соңғы оқиғалар мен оппозицияға көзқарасы» жайлы сұраған. Егер, акцияға оппозиция қосыла кеткісі келсе немесе қысым жасайтын болса ішкі істер министрлігіне хабарлауды ұсынған. Кейіннен қала әкімшілігі «акция тақырыбын жұрт дұрыс түсінбеуі мүмкін» деген уәж айтқан.

Петрунинамен әңгімелескен шенеуніктердің пікірінше, акцияны көрген адамдар қазіргі Ресейде қуғын-сүргін болып жатыр деп ойлауы мүмкін. Белсенді митинг өткізуге рұқсат беруден бас тарту - заңға қайшы деп санайды және саяси акция емес қоғамдық-тарихи акция өткізгісі келгенін қайталайды. Ол ақыр соңында митинг өткізу туралы ойынан бас тартқан.

«Жиындар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер туралы» Ресей заңы мен Түмен облысының жергілікті регламентінде «өткізілетін шараның сағат сайынғы жоспары көрсетілуі тиіс» деген талап жоқ.

30 қазан – Ресейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей