$ 494.87  520.65  4.91

Берлинде жарық фестивалі өтті

аһардың бірнеше жерінде ұйымдастырылған мереке талайды таңғалдырып жатқан көрінеді.

Германия астанасы Берлинде жарық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шаһардың бірнеше жерінде ұйымдастырылған мереке талайды таңғалдырып жатқан көрінеді. Себебі 3D графика мамандары жарықтың құдіретімен қаладағы ең үлкен ғимараттар мен танымал сәулет туындыларын түрлі түске бояп, тұрғындар мен қала қонақтарын ерекше әсерге бөлеуде. Жалпы жарық дизайнерлеріне жүзге жуық ғимарат беріліпті. Олардың арасында Бранденбург қақпасы, Берлин кафедралды шіркеуі, тарихи музейлер бар. Ал олар қойған қойылымдарды тамашалауға адамдар Германияның түкпір-түкпірінен жиналған. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, фестиваль кезінде шамамен 2 миллион қонақ келеді деп күтілуде. 

Блиц 1: 

- Фестивальге кездейсоқ келдік. Инсталляцияны көргенде ерекше әсер алдық. Мен өзім Берлинде туғанмын және 1989 жылы қабырға құлаған кезде өз көзіммен көрдім. Сондықтан болар, маған ерекше әсер етті. 

Блиц 2: 

- Мен Люксембург шекарасына жақын орналасқан шағын қаладан келдім. Фестиваль өте керемет. Мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет деп ойлаймын. Қала орталығын түгелдей жаяу аралап өтіп, көптеген әдемі көріністерге куә болдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Берлин